Қабылданған KSN мәлімдемесін қарау

Kaspersky Security Network (KSN) қосқан кезде сіз KSN мәлімдемесін оқып, қабылдауыңыз керек. Сіз қабылданған KSN мәлімдемесін кез келген уақытта көре аласыз.

Қабылданған KSN мәлімдемесін қарап шығу үшін:

  1. Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Жалпы қойыншасында KSN-прокси параметрлері бөлімін таңдаңыз.
  3. Kaspersky Security Network мәлімдемесін қарау сілтемесінен өтіңіз.

Ашылған терезеде сіз қабылданған KSN мәлімдемесінің мәтінін көре аласыз.

Басына оралу